Шекарашы суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарды

31 Мамыр 2019, 15:40
1697
Бөлісу:
Шекарашы суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавловск шекара отрядына қарасты «Бидайық» өткізу бөлімшесінің әскери қызметшісі Гайдай Сергей Николаевич ауыл маңындағы көлге батып кеткен 5 жасар бала мен оның анасын құтқарып қалды. 

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше Гайдай Сергей кезекшіліктен кейін көл жағасына тынығуға барған. Көлге жақындағанда көпірдің үстінде судың бетіне шошына қарап ерсілі-қарсылы жүгіріп айқайлап жүрген екі кішкентай қыз баланы байқайды. Сол сәтте көпір астында әйел адамның судан бір батып, бір шығып жанталасып жатқанын көреді. 

«Сергей жүзіп барып әйел адамның жанына жақындағанда оның өксік аралас сөздерінен баласының суға батып кеткендігін түсінген. Ол суға қайта сүңгіп көлдің табанынан баланың киімінен ұстап жағаға шығарғанда 5 жасар Нұраділ ес түссіз жатқан. Сергей алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жидырып медициналық пунктке алып барған», делінген хабарламада. 

Кейін белгілі болғандай, ол екі адамның емес, үш адамның өмірін құтқарыпты. Құтқарылған әйел, Жетпісова Махаббат жүкті екен.

Өзгелердің жаңалығы