Дәрігерлер «SOS Балалар ауылының» бүлдіршіндерін құттықтады

31 Мамыр 2019, 13:44
1743
Бөлісу:
Дәрігерлер «SOS Балалар ауылының» бүлдіршіндерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Республикалық диагностикалық орталығының қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы «SOS Балалар ауылына» барды. 

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық қызметкерлер балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар, тәтті тағамдар мен ойыншықтар сыйлады. «UMC» корпоративтік қоры Республикалық диагностикалық орталығы қызметкерлерінің «SOS Балалар ауылының» 3 үйін қамқорлыққа алғанына осымен екінші жыл. 

«Бүгінгі таңда Республикалық диагностикалық орталығының Педиатрия департаменті «SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен тығыз жұмыс істейді. Ондағы балаларға түрлі бейіндегі жоғары білікті мамандар қажетті консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп тұрады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 8 балаға «UMC» КҚ Республикалық диагностикалық орталығында жан-жақты тексеруден өткізуге квота берілді. 2 балаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ота жасалды», - делінген таратылған ақпаратта. 

Дәрігерлер үшін «SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алу игі дәстүрге айналған.

Өзгелердің жаңалығы