Все новости за 26 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада тағы 4 көше біржақты болады
Астана, BAQ.KZ. Биыл Қонаев, Достық, Түркістан, Ақмешіт көшелеріне біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Қарағандыда 8 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері ашық түрде 8 миллионнан астам ақша салынған қол сөмкені алып кеткен ұрлықшыны ұстады, деп жазады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
-
«Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді
Астана, BAQ.KZ. «Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді барлық қазақстандықтар өз бағын сынап, кастингке қатыса алады. Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді.
-
Петропавл полицейлері борышкерлерден 13 миллион теңге өндірді
Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан полицейлері «Борышкер» алдын-алу шарасын өткізді. Үш күнде қарызын өтеуден жалтарып жүрген азаматтардан 13 миллион теңге өндірілді.
-
Алматыда Маралтай ақынның кеші өтті
Астана, BAQ.KZ. Қазақтың көрнекті ақыны Маралтай Райымбекұлының 50 жасқа толу мерейтойына арналған "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кеші өтті
-
ШҚО мен Павлодарға ортақ табиғи апаттан құтқарушы батальон жасақталды
Астана, BAQ.KZ. ШҚО-да су тасу маусымының алдын ала арнайы құтқарушы батальон құрылды, деп жазады Аltaynews.kz.
-
Павлодарда «Қала келбеті» акциясы басталды
Астана, BAQ.KZ. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Қала келбеті» атты акция басталды.
-
Астанада «Ұлыстың ұлы күні» мерекелік жобасы ұйымдастырылуда
Астана, BAQ.KZ. «QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Хабар» агенттігі «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара ұйымдастыруда.
-
БҰҰ бас хатшысы мұсылмандарға қарсы өшпенділікті өршітуді айыптады
Астана, BAQ.KZ. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қоғамда антисемитизм және мұсылмандарға, әсіресе соғыс оты шарпыған ислам елдерінен ауа көшкен босқындарға қатысты өшпенділікті қоздырушы тұлғаларды сынға алды, деп жазады ТАСС агенттігі.
-
Абақтыда жатқан баласына телефон бермек болған әйел ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы ЛА-155/18 тергеу изоляторының қабылдау-тапсыру бөлмесінде абақтыда жатқан баласына жасырын түрде ұялы телефон бермекші болған әйел ұсталды.
-
Әлеуметтік бастамасы бар жастарға 1 млн теңге грант беріледі
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуметтік бастамалары бар жастардың қайтарымсыз қаржы алуына биыл да мүмкіндік туып отыр. «Жастар корпусын дамыту» жобасына құжаттарды қабылдау 15 наурыздан 15 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.
-
Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақша жұмыстарын жүргізуді тапсырды
Астана, BAQ.KZ. Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп жазады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Су басу қаупі: Қазынадан 390 миллион теңге бөлінді
Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 100-ге тарта елді-мекенін су басуы мүмкін. Қазір өңірде табиғи апатқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық қазынадан 390 миллион теңге қаражт бөлінді.
-
Тоғжанов жаңаөзендіктердің мәселесі бойынша қоғамдық комиссия мүшелерімен кездесті
Жаңаөзен, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мұнайшылар шаһарында жұмыс сапарымен болды.
-
Елордада жомарт қазақстандықтар марапатталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Назарбаев орталығында «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы аяқталды. Елімізде мейірбандық танытып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, әрдайым игі іс жасап жүрген азаматтар марапатталды.
-
Солтүстік Қазақстанда 120 мектеп жөнделеді
Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарлық оқушылардың елу пайызы жаңартылған мектептерде білім алады. Биыл өңірде 120 білім ордасын күрделі жөндеуге 5 миллиард теңге бөлінді.
-
Балқаштық оқушы Мәскеудегі халықаралық ғылыми байқауға жолдама алды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Балқаштық жас ғалым Мейіржан Алғамжанов «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда топ жарды.
-
Түркістан облысының әкімі ауысты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болған.
-
Шығыста 100 ауылға тасқын қаупі төніп тұр
Астана, BAQ.KZ. Шығыста 100-дей елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп жазады Аltaynews.kz.
-
Алматыда ерекше көрме өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Суретшілер одағының галереясында опера әншісі әрі суретші Лаура Күнгейдің «Періштелер қаласы» атты көрме-концерті өтеді.
-
Талантты химик – қазақстандық студент Мәскеудегі жатақханада қайтыс болды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Темірлан – өте талантты химик болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда ол өзін-өзі өлтіруі мүмкін. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында мәлімдеді.
-
Астана әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі басталды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Астана әкімдігі аппаратының кезекті отырысы өтті. Онда қала әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстандық каратэшілер Братиславада жеті алтын медаль жеңіп алды
Астана, BAQ.KZ. Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
-
Мадуро ұрлаған ақшаның ізі Нұрлан Байділдәнің қорына әкелді
Алматы, BAQ.KZ. Венесуэла ұлттық ассамблеясының көшбасшысы Хуана Гуайдоның Вашингтондағы өкілі Карлос Веккио Твиттердегі парақшасына президент Николас Мадуроның ақшасы Nurlan Baidilda Ltd қорында сақталғанын жазды. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.
-
Мәулен Әшімбаев: Жаңа бағдарлама әлеуметтік сипатта болады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті.
-
Фируза Шәріповаға басқа елдің туымен шығу үшін 1 млн доллар ұсынған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріповаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарында басқа елдің атынан шығу туралы ұсыныс түскен. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.
-
Қарин: Наурыз мерекесіне орай шетелдегі қандастармен телекөпір өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен брифинг өтті.
-
Ким Чен Ын Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді
Астана, BAQ.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Вьетнам астанасына келді, деп жазды «Хабар 24»
-
ШҚО-да өзендер арнасынан асуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті дабыл қағуда! Өңірде күнің күрт жылынуы мен жауын-шашын салдарынан аймақты су басуы мүмкін.
-
Қарағанды облысында желіде тараған видеодағы бұзақылар ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «rozysk_karaganda» парақшасында жарияланған ақпарат бойынша 2019 жылдың 20 ақпанында Орталық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны шағымданып, өз арызында қаладағы көлік жуу орындарының бірінде белгісіз азаматтың оған дене жарақаттарын келтіргендігі туралы баяндаған.
-
Павлодарда нан қымбаттады
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде бірінші сұрыпты ұннан жасалатын формалы нанның бір бөлкесі бірден 10 теңгеге қымбаттады. Бұған павлодарлықтар алаңдаушылық білдіруде.
-
Ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесі қайта қаралуда – Азамат Хамиев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығын сақтандыру бойынша мәселе көп. Өйткені қазір талап етіліп отырған қатерлер деңгейін қамтамасыз ету жағы жетіспейді.
-
Қызылордалықтар «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық акцияларына белсене атсалысуда
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының «Жақсылық жаса», «Наурыз Challenge» акцияларына қызылордалықтар белсенді атсалысып жатыр.
-
Бейбіт Қорған: Балаға қуаныш сыйлаудың өзі – бақыт
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының орталығында еліміздің эстрада әншісі Бейбіт Қорған балалар мен қала тұрғындарына қайырымдылық концертін өткізді.
-
Үкімет кез келген төтенше жағдайға дайын болу керек – Дүниежүзілік банк өкілі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1990 жылдан бері Орталық Азияда табиғи апаттан 10 млн-нан астам адам зардап шеккен, мұның экономикаға тигізген зардабы шамамен 2,5 млрд доллар. Бұл жайында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун Алматыда өтіп жатқан форум кезінде айтты.
-
Түрікменстан мемқызметшілері Астанада тәжірибе алмасты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тәжірибесі негізінде Түрікменстанның Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында магистратураның білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.
-
«Отандастар» мен «Болашақ» шетелдегі қандастардың жоғары білім алуына жағдай жасайды
Астана, BAQ.KZ. «Отандастар» Қоры бірінші вице-президенті Талғат Адуов пен Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов кездесті. Тараптар білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
Ақтөбе облысының әкімі тағайындалды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев күні кеше Үкіметте жаңа лауазымға тағайындалды.
-
«Барыс-Торпедо» матчына Shuttle автобустармен баруға болады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Барыс» ҚХЛ плей-оффының бірінші раундындағы алғашқы матчын Нижегородск қаласының «Торпедо» командасымен ойнайды.
-
Қытайдан Қазақстанға заңсыз балық тасымалдаған қырғызстандық ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Қытайда ысталған 1500 кг «судак» балығын алып кірмек болған қырғызстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақтөбеде халықаралық көгершіндер көрмесі өтті
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбенің «Геолог» мәдениет үйінде халықаралық көгершіндер көрмесі өтті. Көрмеге Өзбекстанның, Ресей Федерациясының Қазан, Орынбор аймағының және Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Қарағанды қалаларының құс өсірушілері қатысты.
-
Аягөздегі жылу қазандығы әкімдік қарамағына беріледі
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Аягөз ауданында іссапармен болып қайтқан өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады. Сонымен қатар ол Аягөз қаласында салынып жатқан 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс барысымен де танысып қайтты.
-
Табиғи апаттардан қаржылық қорғанудың механизмі талқылануда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Орта Азиядағы табиғи апаттар мен қаржылық қорғаныс механизмдеріне арналған аймақтық форум өтуде.
-
Алимент төлемеген әкелердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде алимент төлеуден қашқақтаған азаматтармен күрес күшейді. Енді сот орындаушылар мен жергілікті полиция қызметкерлері борышкерлердің көліктерін айыппұл тұрағына қоя бастады.
-
Ақмолалық жастарға қайтарымсыз қаражат беріледі
Ақмола. BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде кәсіп ашуға ниет білдірген жастардың 1 миллион теңге грант алуларына мүмкіндігі бар. Ол үшін арнайы конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.
-
Дəленов Сүлейменовтың қандай министр болғанын айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысы Руслан Дəленов ведомствоны бұған дейін басқарған Тимур Сүлейменов жайлы пікірін айтты.
-
БАӘ-ге Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне төтенше және өкілетті елші тағайындады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Астанада үшем дүниеге келді
Астана, BAQ.KZ. Астанада 2019 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Бұл отбасыда бұған дейін де егіздер дүниеге келген болатын. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Шекарадан заңсыз арақ өткізбек болған
Астана, BAQ.KZ. Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында заңсыз арақ алып өтпек болған азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Павлодарда көп балалы 40 отбасыға тегін көмір таратылды
Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен көпбалалы аналарға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Рavlodarnews.kz
-
ШҚО-да интернетке қосылмаған 9 елді мекен қалды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін жеңілдету бағытында жұмыстар қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда өңірде 300-ге тарта өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылып, қызмет алу уақыты 519 сағатқа қысқарды.
-
ШҚО-да 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады
Астана, BAQ.KZ. Риддерде көкөніс өсіру үшін үлкен жылыжай салу жоспарлануда.
-
Жаңа министрлер халық алдында ант берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен алғашқы Үкімет отырысы өтіп, онда жаңадан тағайындалған төрт министр ант берді.
-
Биыл ҮЕҰ үшін 3 млрд теңге бөлінді
Астана, BAQ.KZ. Осы жылы Дүниежүзілік ҮЕҰ күні қарсаңында азаматтық қоғамды дамыту үшін ҮЕҰ арналған мастер-кластар өткізіп, олардың біліктілігін арттыру мақсатында Гранттық оператор және 5 үкіметтік емес ұйым бірікті.
-
Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі жағынан Нидерланды, АҚШ, Швейцария үздік үштікті бастап тұр.
-
Тұман, бұрқасын, көктайғақ. 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын бомайды. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.
Наверх