Қарағандыда 8 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

26 Ақпан 2019, 22:15
1872
Бөлісу:
Қарағандыда 8 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Қарағандының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері ашық түрде 8 миллионнан астам ақша салынған қол сөмкені алып кеткен ұрлықшыны ұстады, деп жазады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Қарағандының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 29-жастағы азаматша арызданып, Қарағанды қаласындағы балабақшалардың бірінің маңында белгісіз біреу жәбірленушінің «Lexus» автокөлігінен ішінде 8 миллионнан астам қаражаты бар қол сөмкесін тартып әкеткендігі туралы хабарлаған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 4 тармағы 2 бөлімі яғни «аса ірі көлемде тонау жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмысты ашу, күдіктіні ұстау үшін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілген. Оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен қаланың 22-жастағы тұрғыны анықталып, күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті облыс тұрғындарына аса ірі көлемде ақша алған жағдайда бейтаныс адамдардың көзінше санамауға, ақшаны жалғыз алып жүрмеуге және бағалы заттарын көлікте қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы