Тұман, бұрқасын, көктайғақ. 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

26 Ақпан 2019, 08:15
2384
Бөлісу:
Тұман, бұрқасын, көктайғақ. 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын бомайды. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел 18 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Ақтөбе, Алматы облыстарының түнде  кей жерінде тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан  облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал, күндіз жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұмантүседі, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы