Қызылордалықтар «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық акцияларына белсене атсалысуда

26 Ақпан 2019, 13:31
2483
Бөлісу:
Қызылордалықтар «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық акцияларына белсене атсалысуда

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының «Жақсылық жаса», «Наурыз Challenge» акцияларына қызылордалықтар белсенді атсалысып жатыр.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Қасымовтың айтуынша, қайырымдылық шарасы 22 ақпан күні бастау алды.

«Сыр өңіріндегі нұротандықтар акцияның алғашқы күні 10-нан аса көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыға түрлі әлеуметтік көмек берді. Қайырымдылық шарасы жалғасуда. Кәсіпкерлер де белсенділік көрсетіп жатыр», - дейді Нұрлыбек Қасымов.

Қызылордалық кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұрболат Ибраев та мұхтаж жандарға көмек қолын созды. Меценат 1 жарым айлық сәбидің еміне қаржылай жәрдем берді.

Дәлірек айтсақ, жақында «Нұр Отан» партиясы филиалының қабылдауына Әлия Бекбауова есімді қала тұрғыны келген. Ол төрт баланың анасы, әрі жалғызбасты екенін айта келе, 1 жарым айлық баласының еміне қаражат жетпей жатқанын жеткізіп, көмек сұрайды. Оның жазған өтінішінде нәрестесінің арқасында жарығы (грыжа) бары айтылған және Астана қаласындағы медициналық орталыққа апарып ота жасатуға жол-пұл шығындарын тауып беруді өтінген.

Қиналған анаға кәсіпкер Нұрболат Ибраев қаржылай қолдау көрсетті.

«Өмірде адамның басына түрлі сынақ келетіні хақ. Сол сәтте олардың жанынан табылу, көмек қолын созу адами парызым деп білемін. Кішкентай бүлдіршінге сәтті ота жасалып, тез сауығып кетуін тілеймін. Аналар, балалар ауырмасын, жыламасын», - деді кәсіпкер.

Ибраш Әли

Өзгелердің жаңалығы