Сирия мәселесі: БҰҰ гуманитарлық көмекті көбейтуі тиіс

22 Желтоқсан 2021, 17:52
1199
Бөлісу:
Сирия мәселесі: БҰҰ гуманитарлық көмекті көбейтуі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу барысында СІМ Таяу Шығыс және Африка департаменті директоры Оңталап Оңалбаев хабарлады.  

Оның айтуынша, елордада өтіп жатқан 17-ші халықаралық кездесуге қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға гуманитарлық көмекті көбейтуге шақырды.

Жоғары деңгейдегі кездесудің қатысушылары Сирияға гуманитарлық жағдайды жақсарту мен саяси реттеу процесін ілгерілетуді қолдау мақсатында халықаралық қауымдастық, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті ұлғайтуға шақырды, - деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар сыртқы саяси ведомство өкілі көмекті қандай қадамдар арқылы жақсарту қажеттігін алға тартты.

Базалық  инфрақұрылым нысандарын, яғни су және электрмен жабдықтау, мектеп, аурухана нысандарын қалпына келтіру,  тұрақтылықты қалпына келтіру мен арттыру жобалары іске асырылуы қажет, - деді Оңталап Оңалбаев.  

Еске сала кетейік, бұған дейін келесі жылы елордада Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы