Синоптиктер сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

21 Маусым 2022, 08:42
1366
Бөлісу:
Синоптиктер сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп болжайды.

Сондай-ақ өңірлердің кей бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс өңірлерде ғана күн ашық.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, батыста, шығыста және Атырау облысының орталығында, солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында жел 15-25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде бұршақ жаууы ықтимал, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік – батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында-бұршақ, дауыл, түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында 15-23 м/с жел тұрады, күндіз дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы