Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

30 Тамыз 2023, 07:24
887
Бөлісу:
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Архив BAQ.KZ

Синоптиктер еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 тамызда найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 30 тамызда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. 30 тамызда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 30 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кокшетау қ.: 30 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. 30 тамызда облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 тамызда кешкісін Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз кей уақытта найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қаласында 30 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 30 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 30 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 30 тамызда найзағай, батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. 30 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

30 тамызда Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 30 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

30 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

30 тамызда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 30 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар. Ақтөбе қаласында 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

30 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 30 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар. Қостанай қаласында 30 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

30 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында 30 тамызда найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.

30 тамызда күндіз Павлодар облысында батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығысында жел соғады, күші түнде батыста, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 30 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар. Павлодар қаласында 30 тамызда күндіз оңтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

31 тамызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 30 тамыз күндіз, 31 тамызда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 30 тамыз күндіз, 31 тамызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с. 30 тамыз-1 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 31 тамызда түнде қатты жаңбыр жауады.

30 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы