Синоптиктер 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

7 Қазан 2023, 21:43
785
Бөлісу:
Синоптиктер 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 14 өңірде тұман, нөсер жаңбыр, жел мен найзағайға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. 8-10 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с болады.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 08 қазанда облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы