СІМ Украина елшісіне қатысты дауға жауап берді

5 Қазан 2022, 14:47
1236
Бөлісу:
СІМ Украина елшісіне қатысты дауға жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарованың бір күн бұрынғы Украина елшісіне қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, ресейлік СІМ Украина елшісі Петр Врублевскийдің әлі күнге дейін ресми іс-шараларға қатысып жүргеніне қатысты наразылық білдірген болатын.

Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Украинаның елшісін Қазақстаннан шығару туралы түсініктемесіне қатысты оның мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастар сипатына қайшы келетінін атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Украина тарапына, сондай-ақ, жұртшылыққа Рублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі принциптік ұстанымын жеткізген болатын. Сондай-ақ, украин тарапына қазақстандықтардың, әсіресе, этникалық орыстардың сезімдеріне нұқсан келтіретін мәлімдемелерінің қолайсыздығы туралы айтылған, - деді Смадияров.

Айтуынша, Украина тарапымен бізде толық түсіністік бар және екі жақтан барлық келісім орындалды.

Украина елшісінің елімізде «жағымсыз» мәртебесі бар екенін және оның Қазақстан немесе сыртқы істер министрлігінің басқа да ведомстволарында қандай бір кездесулері жоспарланбаған, - деп мәлімдед министрліктің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы