СІМ: Тайланд пен Мьянмада құлдықтағы қазақстандықтарға қатысты жұмыс істеп жатырмыз

16 Қаңтар 2023, 16:29
1107
Бөлісу:
СІМ: Тайланд пен Мьянмада құлдықтағы қазақстандықтарға қатысты жұмыс істеп жатырмыз

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болған азаматтарға қатысты жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол азаматтар бойынша қазір жұмысты жалғастырудамыз. Тайланд, Мьянма елдерінің Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерімен байланыстамыз. Осындай жағдайға жарты жыл бұрын бір азаматшамыз тап болған. Өздеріңіз білетіндей, бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі. Бұл «алтын үшбұрыш» деп аталатын жер. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ, өздерімен-өздері, кішігірім ғана ел, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, тексерілмеген ақпараттарға сәйкес, «Алтын үшбұрышта» еліміздің тағы бірнеше азаматы тұтқында болуы мүмкін. Ал әзірге екі азаматтан ғана ресми өтініш келіп түскен. 

Көп азамат сол жерге барған соң қалып қойып жатыр. Өйткені ақшалары жоқ, сондықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Қазір біздің азаматтар сол жерде. Екі азамат бізге өтініш білдірді. Тексерілмеген ақпараттарға сүйенсек, тағы басқа азаматтар бар деп естіп жатырмыз. Оларға айтарымыз, бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, аты-жөндерін нақты атап, өздері туралы мәлімет берсін, қорықпасын, - деді Айбек Смадияров. 

Өзгелердің жаңалығы