СІМ: Сотқа қатысуға министрліктен Собчак та, Грейс те аккредитация алған жоқ

29 Сәуір 2024, 17:10
485
Бөлісу:
СІМ: Сотқа қатысуға министрліктен Собчак та, Грейс те аккредитация алған жоқ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің БАҚ өкілдеріне арналған брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтан Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысу үшін ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс ҚР Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алған-алмағанын сұрады.

Біріншісі де, екіншісі де аккредитациядан өткен жоқ. Олар сотқа кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен сұраңыздар, - деді Смадияров.

Айта кетейік, 22 сәуір күні Қунадық Бишімбаев сотына Ксения Собчак қатысқан болатын. Ал, блогер Наталья Грейс Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алып, сот барысына қызығушылық танытып жүр.

Өзгелердің жаңалығы