СІМ: Шетелде 77 сайлау учаскесі құрылды

27 Ақпан 2023, 17:17
746
Бөлісу:
СІМ: Шетелде 77 сайлау учаскесі құрылды
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

19 наурызда кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке қызметтік, оқу іскерлік,туристік мақсатпен жүрген Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне немесе мекемесіне жүгіне алады,- деді Смадияров.

Шетелдегі сайлау процесін толық дайындау мақсатында ҚР азаматтары жақын маңдағы учаскелерге хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.

Учаскелердің байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланады,- деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы