СІМ: Ресей мен Украинаны байыпты диалогқа шақырамыз

28 Желтоқсан 2022, 16:24
753
Бөлісу:
СІМ: Ресей мен Украинаны байыпты диалогқа шақырамыз
Фото: автордан

Қазақстан екі елді байыпты диалог бастауға шақырады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда санкциялық қысым әдістері алдыңғы қатарға шықты. Мемлекеттік шекараларды қайта форматтау жүріп жатыр. Аумақтық даулар шиеленісіп, бұрынғы тоқтатылған қақтығыстар қайта қыза түсуде, – деді СІМ өкілі.

Ол Ресей мен Украина мәселесіне қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

Украина дағдарысы Ресей мен Батыс арасындағы геосаяи шиеленістің жаңа кезеңіне әкелген ең үлкен сынақ болды. Бір кездері жақын, бауырлас елдер арасындағы әскер қақтығыс осы халықтардың бүкіл достарына алаңдаушылық пен өкініш тудырады. Біз дәстүрлі түрде қарсыластарды жағдайды қалпына келтіру үшін байыпты диалог бастауға шақырамыз, – деп мәлімдеді Смадияров.

Кеше Үкімет отырысынан соң Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған бірде бір сұраққа жауап бермеген болатын.

Еске сала кетейік,  СІМ өкілі Айбек Смадияров Ресей елшісінің сұхбатына қатысты түсініктеме беруі керек еді. Алайда, осы уақытқа дейін ешқандай жауап жоқ.

Сонымен қатар СІМ өкілі әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы