СІМ Қытай елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді

24 Сәуір 2023, 17:07
1708
Бөлісу:
СІМ Қытай елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайдың Франциядағы елшісі жасаған мәлімдемеге пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл мәселеге қатысты Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берді. Біз сол позицияны қолдаймыз. Осы тұста 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғанын айта кетейін. Ал еліміз 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағанда Қытай алғашқылардың бірі болып Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұстастығын мойындады, - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғанын, тату көршілік және достық туралы шарт бар екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы