СІМ қажылыққа барармыз деп алданып қалған қазақстандықтар туралы айтты

3 Шілде 2023, 17:20
753
Бөлісу:
СІМ қажылыққа барармыз деп алданып қалған қазақстандықтар туралы айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Сыртқы істер министрлігі қажылыққа аттанып, алданып қалған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі тарапынан Джидда қаласындағы бас консул қажылыққа сәйкеспейтін виза бойынша Сауд Арабиясының полиция учаскесінде отырған азаматтарымыздан қоңырау түскендіктен, көмек көрсетті. Барлық қамауда отырған қажылардың қажылықтан өтуге рұқсат бермейтін туристік визасы болған, - деп түсіндірді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, бас консул қызметкерлерімен бірге бірден полиция учаскесіне барған.

Оларды босатып, қонақүйге жіберу үшін ықпал етті. Кейбір деректерге сәйкес, ол компания Сауд Арабиясының аумағына 300-ден астам азаматтарымызды дәл сондай визамен алып барған. Барлық қажының жүрген жерін анықтау мүмкін емес. Өйткені жүзден астам қажы полиция бөлімшесінен босатылды. Оларды бірнеше автобуспен қаланың түрлі бөлігіне апарған, - дейді ресми өкіл.

Қажылыққа барамыз деп алданған азаматтар елге 5 шілдеде қайтарылатыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жібергені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша олар Сауд Арабиясының полиция бөлімшесінде қамауда екендігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы