Цирк кезінде үйретушісін бас салған сілеусін көрермендерді қорқытты

24 Ақпан 2020, 22:49
3017
Бөлісу:
Цирк кезінде үйретушісін бас салған сілеусін көрермендерді қорқытты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Осетияда цирк қойылым кезінде оқыс оқиға болды. Бұл туралы Sputnik Южная Осетия хабарлады.

Желіде жарияланған видеода цирк қойылымы болып жатқан сәт түсірілген. Бір кезде үйретуші қарғы бауға байланған жануарды жоғарыдан төменге қарай түсіру үшін бірнеше рет тартады. Жоғарыда құлайын деп отырған жануар қарсыласуға тырысты. Алайда, жерге құлап түскен сілеусін өзінің үйретушісін бас салып, оған шабуыл жасайды. Кейіннен ашуға булыққан үйретуші қоластындағы жыртқыш аңды сүйретіп, сахнадан алып кетеді.


Желі қолданушыларын жыртқыш аңды жәбірлеу емес, шоу кезіндегі сахна мен көрермендер арасындағы қоршаудың болмағаны ашуландырды. 

Адамдарға ақша тапса болды, қауіпсіздік туралы ешкім ойлағысы да келмейді, - деп жазды юзерлердің бірі. 



Өзгелердің жаңалығы