Сібір хандығы бізге бөтен емес – тарихшы

3 Қараша 2021, 11:48
3006
Бөлісу:
Сібір хандығы бізге бөтен емес – тарихшы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» атты конференцияда «Тұғырылхан – Оң хан» корпоративтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев мәлім етті. 

Кеңес кезеңінде тарихымыз бұрмаланып, қайта жазылған. Қазір тәуелсіздігіміздің арқасында бірталай тарихи шындықтарға көзіміз жетті. Бүгінгі қозғалып отырған конференциядағы Сібір хандығы қазақ халқы үшін бөтен жұрт емес. Ол хандықтың да құрамы біздегідей арғын, найман, қыпшақтардан тұрған. Осыған қарап, кеңестік саясаттың кесірінен біз тағы бір тарихымыздан айырылып қала жаздағанымызды көре аламыз. Сібір хандығы біздің ажырамас бөлігіміз, туыстас қандастарымыз, - деді «Тұғырылхан – Оң хан» корпоративтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев. 

Сонымен қатар ол біздің тікелей Шыңғысханның ұрпағы екенімізді айтты. 

Тарихымызды бұрмаланған мәтін көп. Мәселен, біз Шыңғысханды моңғол деп білеміз. Ол ғасырда барлық тайпалар көшпелілер болды. Мемлекеттердің қалыптасуы жүріп жатты. Оның тарихын зерттей келе, Шыңғысханның ұрпақтары біз болып шығамыз. Өйткені біздің аумақта ұлыс та, сол кезеңдегі рулар да бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы