Сиань бас консулы Президенттің атынан музейге сыйлық табыстады

13 Маусым 2023, 17:45
528
Бөлісу:
Сиань бас консулы Президенттің атынан музейге сыйлық табыстады
Фото: Онлайн Халық газеті

Қытайдың Сиань қаласындағы бас консулы Президенттің атынан музейге сыйлық табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Сианьдағы бас консулы Жошыхан Қыраубаев Қазақстан Президенті атынан Сианьдағы Тан батыс базар мұражайына сыйлық табыс етті

Онлайн халық газетінің хабарлауынша, сыйлық ретінде үлкен алтын түсті асық ұсынылған.

Сиань бас консулы Президенттің атынан музейге сыйлық табыстады

Көшпелі халықтар мәдениетінде сиыр, қойлар өмірдің жалғасуы мен отбасылық байлықтың символы болып есептеледі. Егер табынды сиыр, қоралы қойы болса, асық та көп болып, ол тілектердің орындалып, жақсы баталар беріліп, жамандық алыс болатынын білдіреді, - деп жазды kaz.people.cn.

Сыйлық Қазақстандағы көшпелі халықтың бала күнінен ойнайтын асық ойынынан алынған. Ол бұрындары Қытайдың солтүстік аймағындағы балалар ойыны да саналған.

Өзгелердің жаңалығы