Қазақстан делегациясы ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің І отырысына қатысты

25 Тамыз 2019, 14:51
1907
Бөлісу:
Қазақстан делегациясы ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің І отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы аясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға ШЫҰ мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.

ш2.jpg

Отырыста Ресейдің ШЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, мүше-мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру барысы, 2019 жылдың 31 қазан - 1 қарашада Ташкент қаласында өтетін Ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай-ақ басқа да жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ұйымы аясында бастамаларын ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныс жасады.  

Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ұлттық үйлестірушілері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілдерінің бейресми консультациялары өтті. Қатысушылар екі ұйым арасында ықпалдасудың ықтимал жолдарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы