Шыңжаң қазақтары Наурыз мейрамын атап өтті

22 Наурыз 2023, 11:13
1557
Бөлісу:
Шыңжаң қазақтары Наурыз мейрамын атап өтті
Фото: Халық онлайн газеті

Шыңжаң тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайлық «Халық» онлайн басылымының хабарлауынша, Шыңжаңдағы әр ұлт халқы дәстүрлі Наурыз мейрамын қарсы алуға ертерек дайындалды. 

Жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сәйкес, наурыз қарсаңында тұрғындар ағаш отырғызып, арықтарды тазалап, аулаларды сыпырып, қонақтарға дәмді дастарқанын дайындайды.

Текес ауданының Ақтас ауылындағы Елзаттың отбасы ерте тұрып, жаңа киімін киіп, наурыз көже дайындауға кірісті. Көже дайын болғаннан кейін көршілерді, туыстар мен достарды көже ішуге шақырып, «ескі ай есіркесін, жаңа жарылқасын» деп жаңа жылда ақ тілектерін айтып, құт-береке тіледі, - деп жазды жергілікті БАҚ.

Наурыз мейрамы ― Еуразиядағы көптеген этникалық топтың дәстүрлі мерекесі. Ол көктемнің келуін қарсы алу үшін жыл сайын шамамен 21 наурызда көктемгі күн мен түннің теңелуіне қарай өткізіледі. Қытайдың Шыңжаңында ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік сияқты этникалық азшылықтар үшін Наурыз жыл сайын атап өтілетін дәстүрлі мереке саналады.

Өзгелердің жаңалығы