Шыңғыс Лепсібаев: Қазақстанның сайлау туралы заңы ең үздік халықаралық стандарттарға сай

22 Желтоқсан 2020, 13:33
2178
Бөлісу:
Шыңғыс Лепсібаев: Қазақстанның  сайлау туралы заңы ең үздік халықаралық стандарттарға сай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Eurasian Expert Council» қорының президенті Шыңғыс Лепсібаев "ҮЕҰ Академиясы: сайлауды байқау негіздерін түсіндіру" семинары барысында айтты.

Неге біз байқау процесі мен жалпы тәуелсіз байқау процесін адам құқығын қорғау процесі ретінде қарастырамыз? Себебі, барлымыз білетіндей, БҰҰ құрылған кезде оның өзге халықаралық ұйымдардан концептуалдық ерекшелігі – БҰҰ адам құқығын жеке мемлекеттің ісі емес, халықаралық мәселе деп таныды. Сәйкесінше, жекелеген құқықтың сақталуын қадағалау процесі – бұл, ең алдымен, сайлауға қатысу құқығы, яғни, құқық қорғау мәселесі болып саналады. Сол себепті де Қазақстанда және әлемнің өзге де елдерінде халықаралық байқау жүргізіледі. БҰҰ сайлауды байқау процесін төрт бағыт бойынша жүзеге асырады. Яғни, қатысу құқығы, абырой, кемсітпеушілік, транспаренттілік және есептілік, - деді ол.

Шыңғыс Лепсібаев байқау процесі ұзақ процесс екенін айтады. Оның айтуынша, тәуелсіз байқау жүйесі 1983 жылы Филиппинде алғаш рет жүзеге асырылған.

Содан бері 37 жыл өтті. 1987 жылы сайлау жүйесінің халықаралық қоры (IFES) құрылды. Осы жерде айта кеткім келетіні, Қазақстанның және бірқатар өзге де елдің сайлау заңдары кезінде IFES айғақтап берген заң негізінде жасалған. Қазақстанның  сайлау туралы заңына қатысты айтар болсам, ол ең үздік халықаралық стандарттарға сай. Сондықтан біздің қазақстандық сайлау заңы өзге елдердікінен еш кем емес деп сенімді түрде айта аламыз. Заң халықаралық құқықта жазылған барлық нормаларға сәйкес келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы