Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ басшысы Астана қаласындағы ҚР Президенттік орталығы ғимаратында орналасқан №176 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Дауыс беру күні еліміздің барлық өңірлерінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де республикалық референдумға қатысып жатыр.