Шын мәнінде "Рухани жаңғыру" өз нәтижесін 5-10 жылда беретін болады – Кемелбек Ойшыбаев

12 Сәуір 2020, 13:44
2592
Бөлісу:
Шын мәнінде "Рухани жаңғыру" өз нәтижесін 5-10 жылда беретін болады – Кемелбек Ойшыбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев үш жылда атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

 2017 жылдың 12 сәуіріндегі сол кездегі президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: Рухани жаңғыру" атты мақаласы жарияланған болатын. Бүгін үш жыл толды.
Біздің институт бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың алдын-ала нәтижелерін бере алады. Ал қоғамдық сананың өзгеруін біз 5-10 жылдан кейін ғана байқайтын боламыз. Сол кезде Қазақстанның келбеті қазір жоспарлағанымыздай бәсекеге қабілетті және өзгеріске ашық болады деген сенім бар. Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында қамтылған -  қоғамның  өзгеру қажеттігі, адамдардың тәрбие жұмыстарымен айналысуы және тұлға ретінде дамуы, бәсекеге қабілеттілік, ойларын ашық айтуы, білім мәдениеті, прагматизм, адами капиталға ресурстар салу қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтқан жоқ, - дейді Кемелбек Ойшыбаев.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда осы бағдарламаның институционалды базасын құруға көп көңіл бөлінді. 
Осы уақыт ішінде елімізде 93 мың іс-шара өткізілді, оған 12 миллионнан астам отандастарымыз қатысты. 13 арнайы жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі білім беруді дамытуға бағытталған - "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық". Гуманитарлық циклдің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылды, оның 47-сі баспадан шығарылып, еліміздің жоғары оқу орындарына жіберілді.  Оларды 100kitap.kz сайтынан табуға болады.  156-ға жуық бейне курстар мен қазақ және орыс тілдерінде дәрістер әзірленді, олар ашық порталда орналастырылды, - дейді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, "Туған жер" арнайы жобасының аясында "Өлкетану" оқу курсы 5-7 сыныптарға арналған мектеп бағдарламасына енгізілді.  2,6 мыңнан астам нысан салынды және 2142 әлеуметтік маңызы бар объект, оның ішінде мектептер, балабақшалар, мәдени нысандар, спорт алаңдары, медициналық кешендер тұрғызылып, ойын алаңдары қайта құрылды.  Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 12 мыңнан астам меценат тартылған.


Өзгелердің жаңалығы