Шымкенттік ұстаздар республикалық байқауда үздік атанды

2 Қазан 2020, 15:22
2399
Бөлісу:
Шымкенттік ұстаздар республикалық байқауда үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Үздік педагог-2020» байқауының қатысушыларын қабылдады. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде әкім педагогтар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаланың мерейін көтерген ұстаздарға шынайы алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді. 

Шымкенттік ұстаздар республикалық байқауда үздік атанды

Ұстазын ұлықтай білген елдің келешегі де жарқын болатынын айтқан қала басшысы республикалық  «Үздік педагог-2020» байқауына қатысқан 12 ұстазға Алғыс хат пен 400 мың теңгенің сертификатын табыстады. 

Сонымен қатар республикалық жарыста үздік деп танылған үш ұстазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог» медалі мен 1000 АЕК қаржы көлемінде сыйақысы берілді. Олар №9 IT лицей мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі - Гүлзира Анартаева, №8 мамандандырылған гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  - Гүлдана Дауленбаева және Жоғары медициналық колледжінің химия пәнінің мұғалімі - Жадыра Шәбден, - делінген хабарламада.

Қаладағы 26 мың педагог арасынан 12 ұстаз үздік деп танылып, республикалық жарысқа жолдама алған болатын. 

Шымкенттік ұстаздар республикалық байқауда үздік атанды

Марапаттау рәсімін қорытындылаған шаһар басшысы барша мұғалімге жас ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі істері мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы жұмыстарына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы