Шымкенттік студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өткізді

2 Қараша 2019, 15:33
2478
Бөлісу:
Шымкенттік студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында студенттер арасында дебат ұйымдастырды.

Басты мақсат – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және нақты шараларды қарастыру, жаңа идеялармен бөлісу. 

Осы тұрғыдағы пікірталастар жастар үшін пайдалы, себебі, біріншіден, жастар осындай пікірталасқа қатысу арқылы ізденеді, құқықтық сауаттылықтарын арттырады, осы арқылы олардың бойында сыбайлас семқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасуына септігін тигізеді дейді ұйымдастырушылар, - делінген таратылған ақпаратта.

Дебатқа 8 жоғарғы оқу орындарынан 8 команда қатысып, әр команда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жолдары туралы дайындаған жобаларын ортаға салды.

Әділқазылардың шешімімен Silkway Халықаралық университетінің "Шахан шері" командасы І-орынды иеленсе, ІІ-орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің "Болашақ" командасы иеленді, ІІІ-орынға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің "Алаң" командасы лайық деп танылды.


Өзгелердің жаңалығы