Шымкенттік кәсіпкерлер 1,1 млрд теңгенің мазутын заңсыз сатқан

6 Қыркүйек 2022, 11:55
992
Бөлісу:
Шымкенттік кәсіпкерлер 1,1 млрд теңгенің мазутын заңсыз сатқан

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, екі кәсіпкер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген.

Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы