Шымкенттегі инженерлік инфрақұрылымның құрылысы тексерілді

19 Шілде 2023, 19:30
493
Бөлісу:
Шымкенттегі инженерлік инфрақұрылымның құрылысы тексерілді
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымның құрылыс барысын бағамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру жұмыстары шаһардағы «Бозарық» және «Нұрсат-2» шағын аудандарынан басталды. 2023 жылы Шымкентте 1073,0 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй саясаты тұжырымдамасы арқылы мемлекеттік бюджет есебінен 98 көпқабатты тұрғын үй немесе 4090 пәтер (камауданы) салу көзделген. Оның ішінде жалға берілетін ( 444 пәтер) және кредиттік тұрғын үй (3646 пәтер) бар.

Шымкенттегі инженерлік инфрақұрылымның құрылысы тексерілді

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 230,1 мың шаршы метр 67 тұрғын үйді немесе 3040 пәтерді пайдалануға беру межеленген. Бұдан басқа жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 505 пәтер бөлу көзделген.

Сонымен қатар Б.Қабдол инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап шықты. 2023 жылы Шымкент қаласының аумағында 18 инженерлік инфрақұрылым жобасын құрылысы іске асырылады.

Шымкенттегі инженерлік инфрақұрылымның құрылысы тексерілді

Тексерудің қорытындысы бойынша ИИДМ өкілі құрылыс жұмыстарын қарқындатып, тиісті жобаларды уақтылы іске асыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым құрылысына тұрақты бақылау жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы