Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды

23 Ақпан 2023, 10:49
1136
Бөлісу:
Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды
Фото: total.kz

Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы азаматтарға тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды.

«Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады», - делінген ақпаратта.

Ведомствоның Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы