Шымкенттегі базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді

30 Қараша 2023, 11:43
444
Бөлісу:
Шымкенттегі базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді
PHOTO
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қаладағы «Алаш», «Бекжан» базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады.Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында 3 жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерген. 

Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады.

Шымкенттегі базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді

Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды.

Шымкенттегі базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді

Қала басшысы аудан әкіміне жаңа нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал тиісті басқарма басшысына жүріп-тұруы қиын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырма берді.

Шымкенттегі базар маңындағы жер асты өткелдері қолданысқа берілді



Айта кетейік, қазір «Бекжан» базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын. Өндірістік кестеге сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы