Шымкентте жұмыссыздық саны азайған

1 Ақпан 2021, 22:32
3383
Бөлісу:
Шымкентте жұмыссыздық саны азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы 31 999 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, іс жүзінде 33 737 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы government.kz сайты хабарлады.

Осылайша, жоспар 105,4%-ға орындалды. 33 737 жұмыс орнының 13533-і тұрақты, бұл 58,2%-ды құрайды. 

Жұмыспен қамту жол картасы аясында 239 жобада 8 753 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту органдары арқылы 2020 жылы 4 371 жұмыс орнын құру жоспарланған, іс жүзінде 4 491 жұмыс орны құрылды. 

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетті. 

Мәселен, «Енбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 25 390 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған. Іс жүзінде 34 847 адам қамтылды (137,2%). 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқаны белгілі. 2020 жылы Шымкентте бірінші бағыт бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету) 4 386 адам тартылды (жоспар — 3 196 адам, орындалғаны — 137,2%). 

Ал: 

● техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1196 адам жіберілді (жоспар — 1196); 

● кәсіби мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға 3 190 азамат жіберілді (жоспар — 2000, орындалуы — 160%). Екінші бағыт бойынша (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) 6 712 адамды қамтамасыз ету жоспарланған, іс жүзінде 7 722 адам қамтылды (115%), оның ішінде: 

● «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2 820 адам жіберілді (жоспар – 1 850 адам, орындалғаны – 152,4%); 

● 74 азаматқа шағын несие берілді (жоспар – 55, орындалғаны – 134,5%); 

● 4 828 адам мемлекеттік гранттар алды (200 АЕК) (жоспар – 4 807 адам, орындалғаны – 100,4%). Үшінші бағыт шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 15 482 азаматқа жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған, іс жүзінде жұмыспен қамту шараларымен 22 739 адам (147%) қамтылды, атап айтқанда:  ● 14101 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды (124,6%); 

● әлеуметтік жұмыс орындарына 356 азамат жіберілді (142%); 

● жастар практикасына 2953 азамат жіберілді (198%); 

● ақылы қоғамдық жұмыстарға 5329 азамат (220%) жіберілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады. 

Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» аясында автомобиль жолдары саласында 10,3 млрд теңге қарастырылып, 109 жоба жүзеге асырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен — 2,2 млрд теңге, ішкі қарыздар есебінен — 8,1 млрд теңге). 

Бағдарлама аясында 2 844 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1445 орын. Уақытша жұмыспен 2 852 адам, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 445 адам жұмысқа орналастырылды.   

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша Шымкент қаласы бойынша 237 жоба нақтыланып, 44 663 млн теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындарының саны 8 742 құрайды деп жоспарланған, оның ішінде азаматтар жұмыспен қамту орталығы арқылы 4371 орынға жұмысқа орналасады. Іс жүзінде 44,6 млрд теңгенің 44,2 млрд теңгесі (90%) игерілді, 8753 жұмыс орны құрылды (100,1%), оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4491 (102,7%) жұмысқа орналастырылды. 

Аяқталған жобалар саны — 239. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру қорытындысы бойынша 503 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Өзгелердің жаңалығы