Шымкентте вибродинамикалық сынақтар жүргізіліп жатыр

15 Наурыз 2023, 15:15
887
Бөлісу:
Шымкентте вибродинамикалық сынақтар жүргізіліп жатыр
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Сынақтар В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары BKN GROUP құрылыс компаниясының тапсырысына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатты фрагментіне тербелісті-динамикалық, сондай-ақ статикалық сынақтарды жүргізуді қолға алды.

Шымкентте вибродинамикалық сынақтар жүргізіліп жатыр

Бұл ретте сынақтан өткізіліп жатқан ғимараттың құрылымдық схемасы көлденең еден дискілерімен біріктірілген байланыстырушы қаңқа түрінде қабылданғанын айта кетейік.

Сынақтар В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі. Оның нәтижесінде алынған мәліметтер өңделіп, тиісті талдау жасалып жатыр. Аталған сынақтың қорытынды көрсеткіштері тапсырыс берушіге жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы