Шымкентте "Тіршілік" фотокөрмесі өтіп жатыр

28 Қыркүйек 2019, 11:07
2849
Бөлісу:
Шымкентте "Тіршілік" фотокөрмесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әуесқой фотограф-тілші Әйгерім Бегімбет пен Шыңғыс Әбдіразақтың "Тіршілік" атты фотокөрмесі өтіп жатыр.

"Фотокөрмеде Түркістан облысының ауылдары, тұрғындары және проблемаларынан хабардар ететін 50-60 фотосурет қойылған. Фотокөрме өмірден ерте озған талантты фотограф Қанат Дарханға арналады. Көрмеде Қанат Дарханның да фотосуреттері қойылады" - дейді ұйымдастырушылар.

Фотокөрмені АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Көрме Шымкент қаласындағы City Shopping Galleryде өтіп жатыр. Фотокөрме 8 қазанға дейін жалғасады. Сағат 10.00 мен 20.00 арасында барып тамашалауға болады.

Өзгелердің жаңалығы