Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Заңсыз сауда жасаушыларға 3 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, - деп хабарлады Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Оқи отырыңыз: