Шымкентте құрғақ шөптердің өртенуі жиі болып тұр

16 Қыркүйек 2020, 19:05
1065
Бөлісу:
Шымкентте құрғақ шөптердің өртенуі жиі болып тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының аумағында құрғақ шөптердің жану оқиғалары жиі болып жүр. Өткен аптада осындай оқиғаларға өрт сөндіру қызметі 6 рет шыққан.

Өрттің салдарынан от жалыны жақын жерде орналасқан тұрғын үйлерге, шаруашылық объектілерге өтіп, зиян келтіруі мүмкін. Өрттің шығу себептері  - адам факторы жиі орын алады. 
Әл-Фараби ауданында 2020 жылғы 16 қыркүйекте сағат 14.04-те Нұрсат шағын ауданы, Бәйдібек би даңғылында жолдың бойында көлемі 1 га құрғақ шөп жанғандығы және балалар темір жолының 136 дана ағаш шпалы түтіндегені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 23 адам және 4 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 14:44-те оқшауланып, сағат 15:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда, – деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.


Өзгелердің жаңалығы