Шымкентте полиция қызметінің экс-басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

26 Сәуір 2022, 09:42
1670
Бөлісу:
Шымкентте полиция қызметінің экс-басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде, деп хабарлады Антикор. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - делінген хабарламада. 

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

Өзгелердің жаңалығы