Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

20 Маусым 2024, 09:29
273
Бөлісу:
Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке cілтеме жасап. 

Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тоннаны құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді. 

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. 

Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 20 келі синтетикалық есірткі болған.

Өзгелердің жаңалығы