Шымкентте полицей қылмыскерді босатамын деп 33 мың доллар пара алған

4 Қыркүйек 2020, 18:16
2406
Бөлісу:
Шымкентте полицей қылмыскерді босатамын деп 33 мың доллар пара алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте полиция мойоры адамдардың сеніміне кіріп, бірнеше қымбат автокөлік пен ақшалай пара алған деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің, Түркістан облысы бойынша полиция департаментінің Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығына қатысты бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция майоры 2019 жылдың тамыз айында өзі полиция қызметкері болғанына қарамастан, Шымкент қаласының азаматтарын алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 94 млн теңге тұратын қымбат "Lexus LX 570" және "Toyota Camry" маркалы 4 автокөлігін иемденген. 

Сонымен қатар, осыған ұқсас жолмен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету сылтауымен сотталған азаматтың 33 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражатын иемденіп алған деген күдікке ілінді.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 29 тамызында күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Өзгелердің жаңалығы