Шымкентте өртенген үйден 50 адам эвакуацияланды

18 Желтоқсан 2023, 23:25
462
Бөлісу:
Шымкентте өртенген үйден 50 адам эвакуацияланды
Фото: baq.kz

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртке оранып, одан 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД-нің мәліметінше, 18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген.

Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды, -делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Өзгелердің жаңалығы