Шымкентте мемлекеттік қызметкерді бопсалаған блогер ұсталды

17 Сәуір 2022, 14:20
1517
Бөлісу:
Шымкентте мемлекеттік қызметкерді бопсалаған блогер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мемлекеттік қызметкерден 500 мың теңге бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Полиция мәліметінше, мемлекеттік қызметкерден арыз түскен. Ол өзін танымал блогерміз деп таныстырған бірнеше адам өзін бопсалағанын айтқан. Олар қызметкерді жарты млн теңге төлемесең,  әкімшілік ғимаратта жыртылған мемлекеттің тудың видеосын таратамыз деп қорқытқан. 

Блогерлер ақшаны алған соң,  әкімшілік ғимаратта жыртылған мемлекеттік тудың видеосын таратпауға уәде берген, – деп жазылған хабарламада. 

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша іс қозғалды.

Күдікті ақшаның бір бөлігін алып жатқан жерінде ұсталған. Полиция Toyota Сamry көлігінен 300 мың теңге тәркіледі. Блогер қамауға алынды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы