Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 28 құқық бұзушылық тіркелді

7 Қазан 2021, 12:54
4386
Бөлісу:
Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 28 құқық бұзушылық тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында 28 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. 

Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 798 қару иелері және 21 күзет агенттігі тексерілді. 28 құқық бұзушылық анықталды. Екі қару, бір суық қару және бір оқ дәрі тәркіленді. 

Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Өзгелердің жаңалығы