Шымкентте газды тасымалдау тарифі төмендетілді

7 Желтоқсан 2020, 20:13
1793
Бөлісу:
Шымкентте газды тасымалдау тарифі төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тұтынушыларына тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне тариф бекіту туралы өтінімін қарады.

Департамент табиғи монополия субъектісінің ұсынған өтінімін қарау қорытындысы бойынша, тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне 1408,62 теңге/1000м3 мөлшерінде бекітті.

Сонымен қатар «ЮжКазТрансСервис» ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша, тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15-тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2019 жылы субъектінің негізсіз табыс сомасы 33 019 700 теңгені құрады.

Осылайша, Департамент «ЮжКазТрансСервис» ЖШС-не тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметі бойынша бір жыл мерзімге 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1018,77 теңге/1000м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 1286,88 теңге/1000м3 20,8%-ға төмендетуімен уақытша өтемдік тариф енгізді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы