Шымкентте есірткі таратып жүрген адам ұсталды

Полиция есірткі тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

 polisia.kz Кеше 2026, 23:40
Кеше 2026, 23:40
157
Фото: polisia.kz

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, күдікті психотроптық заттарды жасырын орындарға қойып кету тәсілімен өткізген.

Тексеру кезінде одан таратуға дайындалған психотроптық заттары бар 72 орама табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Полиция есірткі тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Сонымен қатар полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Наверх