Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден аса есірткі табылды

10 Сәуір 2024, 14:12
247
Бөлісу:
Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден аса есірткі табылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды. 

Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден аса есірткі табылды

Ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден аса есірткі табылды
Өзгелердің жаңалығы