Шымкентте балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді – Жанат Тәжиева

8 Қаңтар 2022, 15:25
3036
Бөлісу:
Шымкентте балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді – Жанат Тәжиева

Шымкент. BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте ата-аналар баласын балабақшаға жібергісі келсе, еш шектеу болмайды. Балабақшалар төтенше жағдай кезінде қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады.

10 қаңтар, дүйсенбі күні мектептерде сабақ басталуы қажет болатын. Бірақ елімізде төтенге жағдай енгізілуіне байланысты демалыс уақыты 17 қаңтарға дейін уақыты ұзартылды. Ал балабақшалар кәдімгі режимде жұмыс істейді. Ата-аналар балаларын балабақшаға жібереміз десе, шектеу болмайды. Сондай-ақ, колледждер мен ЖОО-лардың қысқа демалысы 24 қаңтарға дейін ұзартылды. Кейбір жоғары оқу орындарында сессия аяқталмаса, оқу басталған қайта тапсырады. Тәртіпсіздіктер кезінде қаламызда ешқандай білім бері ғимараттарына зақым келмеді. Бір колледж ішінде атыс болған, терезелері сынған, қабырғаларда оқ іздері қалып қойған. Қалпына келтіруге болады, - деді білім басқармасының басшысы.

 Ал оқушылардың демалыс уақытында мектеп мұғалімдері жұмыс істейтін-істемейтінін әр білім ордасы ішкі жарғысына сай кәсіподақтар негізінде шешеді екен.

Бірақ мұғалімдердің айлық жалақысы 100% толық сақталады. Бір білім ордасын 7 жылдан артық басқарған мектеп директорларының ротациясына келсек, ротация осы қаңтарда басталады. Ротацияның алдында аттестация өтті. Тестілеуден өткендері де, өте алмағандары да болды. Өте алмағандарын аттестациядан тоқтаттық. Өте алғандарымен ротация жұмыстарын жалғастырамыз. Ең бастысы – бәрімізді сабыр сақтап, арандатуға ермеуден, тәртіпсіздіктерден аулақ болуға шақырамын,-деді Жанат Тәжиева.

Өзгелердің жаңалығы