Шымкентте бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

Құтқарушылар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігіне мұқият қарау қажеттігін тағы да ескертті. Сондай-ақ ашық құдықтар, люктер және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аудару ұсынылды.

 Коллаж Informburo.kz Кеше 2026, 22:41
Кеше 2026, 22:41
110
Фото: Коллаж Informburo.kz
Шымкентте 14 жастағы бала жеке үйдің аумағындағы құдыққа құлап кетті. ТЖМ мәліметінше, құдықта су болмаған, оның тереңдігі шамамен 12 метр болған.

Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Наверх