Шымкентте бұқаралық спорт қарқынды дамып жатыр

8 Қыркүйек 2020, 15:33
2097
Бөлісу:
Шымкентте бұқаралық спорт қарқынды дамып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді.

Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.

Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді» деп есептейді. 
Іс-шара барысында жергілікті жастар аталған спорт түріне қызығушылық танытып, белсенділік танытты. Мұндай шеберлік сағаттары қаланың барлық аумағында өткізіледі деп жоспарлануда, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қалада 27 Street-workout алаңы салынған. 



Өзгелердің жаңалығы