Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда

3 Қазан 2020, 16:53
2241
Бөлісу:
Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде төмен температурада және күрделі метеорологиялық жағдайларда әскери техника мен қару-жарақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру басталды. 

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Техниканы қысқа дайындау бірнеше кезеңнен тұрады: әскери техника санына керекті жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ басқа да материалдық құралдарды есептеу, ұйымдастыру құжаттарын әзірлеу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, парктер мен парк үй-жайларын техниканы ауыстыруға және қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау, ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ ауыстыруды қорытындылау.

Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда

Әрбір әскери бөлімде алдын ала жанар-жағармай материалдарының барлық түрі, құрал-саймандар мен қажетті қосалқы бөлшектер алынды. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тиісті тәртіп орнатады, қоймаларға, парк үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізеді.

Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда

Ауыстыру кезінде техника мен қару-жараққа пайдалану нормаларына сәйкес жөндеу және қызмет көрсету орындалады: әрбір жауынгерлік машинаның барлық торабы мен агрегаты тексеріледі, сүзгілерді жуу және ауыстыру, жанар-жағармай материалдарын ауыстыру, батареяларды жөндеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ электр жабдығын тексеру жүргізіледі.

Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда

Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және 10 қарашаға дейін аяқталады.

Шымкентте әскери қызметшілер қысқа техника мен қару-жарақты дайындауда

Маусымдық қызмет көрсету жұмыстарының қорытындысы бойынша қарау жүргізіледі және қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ Парктің дайындығы туралы акт жасалады.

Өзгелердің жаңалығы