Таза Қазақстан: Шымкентте қоқысқа толған 18 аумақ тазартылды

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында анықталған 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 20:45
Бүгiн 2026, 20:45
190
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қалалық Экология департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында мамандар аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп қала аумағында мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізген.

Тексеру барысында тұрмыстық және өзге де қалдықтарды заңсыз орналастырудың 18 ошағы анықталған.

Аталған фактілер бойынша аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріліп, санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған барлық заңсыз қоқыс үйінділері толықтай жойылып, аумақтар қоқыстан тазартылды.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар заңсыз қоқыс тастау фактілерінің алдын алу мақсатында мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратынын атап өтті.

Еске салайық, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, заңсыз қоқыс орындарын жою және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

 

Наверх